Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 19 газет

14 наурыз 2026 ж.

№ 18 газет

07 наурыз 2026 ж.

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада қарилар орталығының іргетасы қаланды

Қызылордада қарилар орталығының іргетасы қаланды


ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысы Белкөл кентіндегі 80 орындық Қарилар дайындау орталығының алғашқы кірпішін қалау салтанатына қатысты.


Игі шараға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы, Сыр имамдары мен демеуші азаматтар қатысты.

Орталықтың алғашқы кірпішін қалау рәсімі Құран оқумен басталып, кейін құрбан шалынды. Шараға арнайы қатысқан Наурызбай қажы Тағанұлы орталықтың Сыр елі үшін маңызы жоғары екеніне тоқталды.

Қарилар дайындау орталығы Қалмұхаммед ишан мешіті жанында орналасқан. Кешен екі қабаттан тұрады. Сондай-ақ мұнда Нұр-Мүбарак университетіне талапкер дайындайтын орталық жұмыс істейді. Мұндағы шәкірттер бұған дейін мешіт жанынан Құран жаттап келген болатын. Жаңа кешеннің құрылысы келер жылы басталмақ.

18 қараша 2020 ж. 388 0