Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Бұқпа қандай тамақ?

Бұқпа қандай тамақ?

Барымташылардың тамағы деп те айтады - бұқпаны.

Сойған малдың қарнын жуып-шәйіп тазалап,бүрін сыртына қаратып,ішіне сол малдың етін (12 жілік) түгелдей, тұздап салып, аузына "асықты жіліктің" екі басын шауып түтік істеп буады.

( Қандай мал болсын жылқы сиыр қой ,өз қарнына өз еті түгел сияды.)

Алдын ала сол қарын сиятындай "жер ошақ" қазылады да ,оның ішіне от жағып қыздырады.

От қызуы жерге сіңді-ау деген кезде, ошақ ішін тазалап сыпырып ішіне қарынды салып үстіне, ошақ қазғанда алған топырақпен жабады да, Қайтадан үстіне ағаш үиіп от жағады.

Барымташылар бұны күндіз жасайды да, жорыққа аттанып кетіп, келесі күні келгенде бұқпа дайын болып тұрады.

Барымташылар бұқпаны, бір жылқыны тұтастай сойып, жасайтын болған.

Бейсенғали Көкей,
Ғаламтор желісінен алынды 
08 қараша 2020 ж. 1 343 0