Өнерге қанат қаққандар
Музыка – өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Музыканың құдыреті шексіз дейміз. Себебі, әрбір атқан таңымыз әсем әнмен, күмбірлеген күймен басталады десек қателеспейміз. Тіпті, табиғаттың өзі ән секілді, түрлі дыбыстардан тұрады. Үнемі жанымызды жадыратып немесе керісінше мұңайтатын музыканың әуезді әлемі бойыңызға ерекше сезім беретініне еріксіз именесіз.
Ауданда балаларға музыкалық білім беретін бірнеше мектеп бар. Солардың бірі – Аманкелді ауылындағы музыка мектебі. Мектеп 2014 жылдың шілде айынан бастап ауыл балаларының рухани мәдениетін өркендетіп келеді. Мектепте тәлім-тәрбие алатын оқушылар музыкалық шығармашылықпен шұғылданып, қабілеті мен дарынын ашуға мүмкіндік алуда. Аманкелді ауылдық округі аппараты ғимаратының бір бөлігінде орналасқан әуез мектебінде қобыз, баян сыныбы, бес домбыра сыныбы, акт залы мен би залы бар.
Әуез мектебінің негізі қаланған жылдан бастап басқаруды қолға алған Мейрамбек Абдуллаев нағыз өнер жанашыры, мектепте жыр-терме пәніне жетекшілік етеді. Білікті басшы басқаратын ұжымда 12 мұғалім жүзден астам баланы өнерге баулуда.
Оқушылардың музыкалық қабілетін дамытып, түрлі деңгейдегі байқауларға дайындайтын музыка жетекшілері К.Мейірманова, Б.Төлеубаев, Б.Жұмабаев, О.Жүнісбаев, Х.Кәдірбаев, Ж.Бисембаева, Е.Жұмаділдаева, Ғ.Жұбанов, Қ.Жұмаділдаева, Ә.Махмуд, Н.Бодыбаева, Д.Ерәлиева көптеген жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, шәкірттері Қалима Шілдебай, Жібек Әлібек, Ернар Жалғас, Арайлым Мырзабек, Дулат Әбдікәрім, Ерсұлтан Қайбулла, Ұлархан Бегежан, Айғаным Сайманова, Несібелі Талғат, Динара Биғалиқызы, Рәзия Серікбай, республикалық, халықаралық байқаулардың жүлдегерлері атанды. Мектеп жанындағы «Шұғыла» бишілер ансамблі мен хор ұжымы да облыстық, аудандық байқаулардан жетістіктерге жетті. Сонымен қатар, республикалық «Жеті өнер» шығармашылық орталығының «Алатау шыңы» байқауында бас жүлде мен бірінші орынды жеңіп алған Қалима Шілдебай, Закир Советұлының, «Дала үні» аспаптар квартетінің өнері жоғары бағаланды. Осы байқауда Айша Зиятбек пен Іңкәрсезім Қызылбай екінші орын иесі атанды. Әуез мектебі жанындағы «Шолпан» би ұжымы, жетекшісі Ақшолпан Байсуова облыстық би байқауларын бағындырып, дипломант атанғанын айта кеткен жөн.
Талантты өнерпаз, өнер әлеміне қанаттанып жүрген жас дарын Дулат Әбдікәрімовтың облыстық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауының, ұлттық «Бала дауысы – 2016» балалар ән байқауының және халықаралық «Қысқы әуен» балалар шығармашылығы байқауының бас жүлдегері және лауреаты атануы – өнер ұжымының бағындырған үлкен белесі.
– Өнерлі балаларды үлкен сахнаға дайындау, олардың түрлі аспаптарда орындаушылық қабілетін дамыту – әуез мектебінен басталады. Мұғалімдердің тынымсыз еңбегінің нәтижесінде оқушылар жетістіктерге жетуде. Мектептің жанындағы мұғалімдер ансамблі, «Халық аспаптары» сыныбының оқушылары ауылдағы, аудан орталығындағы мерекелік шараларда өнер көрсетіп келеді. Жыл сайын өтетін байқауларға тыңғылықты дайындалу – басты мақсатымыз. Жалпы, мектеп балаларға музыкалық шығармашылықпен шұғылдануына, өз қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Мектебіміздің кәсіби педагогикалық ұжымы тәрбиеленушілерді жас музыканттар байқауларына дайындайды. Көптеген мектеп түлектері алған бастауыш кәсіби білімін жалғастырып, колледждерде, жоғарғы оқу орындарында оқып, жаңа өмірге жолдама алады, – дейді мектеп директоры Мейрамбек Әбдікәрімұлы.
Айта кету керек, әуез мектебінің басшысы облыстық мәдениет басқармасының көркемөнерпаздық шығармашылықты дамытуға қосқан үлесі және термешілер байқауына белсене қатысып, үздік өнерімен көзге түскені үшін ІІ дәрежелі дипломмен марапатталған. Сондай-ақ, білім қызметкерлерінің аудандық «Наурыз шапағаты» өнер фестивалінің лауреаты атанды. Орындаушылық шеберлігімен ерекшеленетін өнер иесі мұнан да басқа ән байқауларында марапат биігінен көрінді.
Баланың жеке тұлғасын жан-жақты дамыту, эстетикалық талғамын қалыптастыру, оқушылардың кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауға үлес қосып келе жатқан өнер ұжымы осылайша жас өнерпаздың көркемдік-эстетикалық білімділігіне үлес қосып, кәсіби дағдыларды алуына жағдай жасап келеді.

Б.ТАҢАРТАРҚЫЗЫ