АКАДЕМИК НАУРЫЗБАЕВ
Бұл атақты кісі кім десек, Ұлы Отан соғысы алдындағы елді ұжымдастыру кезінде ел басқарған халқына қалаулы болған азамат, бұрынғы Қызылдихан, қазіргі О.Мәлібаев ауылының тумасы Махамбет Наурызбаевтың немересі екен.
Біздің кейіпкеріміз бала күнінен ата-әжесінің бауырында өсіп, қасиетті Сырдың суына шомылып, Тереңөзектің топырағына аунап бойына ұлағат жинаған ұлан болыпты. Енді қазіргі таңда белгілі академик жерлесіміздің өмір жолымен ғылыми жұмыстарымен көпшілік қауымды, оқырмандарымызды таныстырып өтсек, «болмасаң да ұқсап бақ» дегендей осы кісі тәрізді болуға ұмтылыс танытатын жастар арамыздан шыға ма деген үмітіміз бар. Михайл Қасымұлы 1942 жылдың 21 мамырында дүниеге келген. Орта мектепті бітіргеннен кейін 1959 жылы Шымкент қаласындағы Қазақтың химия-технология институтына оқуға түскен. Еліміздің сол кездегі Астанасы – Алматыда оқуды арман тұтқан талапты түлек бір жылдан кейін республикамыздағы жоғарғы оқу орындарының қара шаңырағы С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дың химия факультетіне оқуын ауыстырады. М.Қ.Наурызбаев жоғарғы оқу орнын үздік бітіргеннен кейін осы университеттің химия кафедрасына қалдырылып, тәжірибеден өтуші-зерттеуші, аспирант, кіші ғылыми қызметкер болып еңбек етті. Ал, 1972 жылдан бастап Михайл Қасымұлы ҚазМУ-дың ғылыми-зерттеу секторының ғылыми жетекшісі болды. 1983 жылы химия факультетінің деканы болып тағайындалып, осы лауазымда 5 жыл қызмет етті. 1984 жылы ғылыми-педагогикалық жетістігі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталды. 1988 жылы бір кездері өзі оқыған Қазақ химия-технология институтына ректор болды. Бұл жоғарғы оқу орнына 4 жыл жетекшілік етіп, ҚазМУ-іне қайта оралды.
Еліміз егемендік алғаннан кейін М.Қ.Наурызбаев бірыңғай ғылыми жұмыспен шұғылданып, 1993 жылы аналитикалық химия және сирек химия элементтері кафедрасына меңгеруші болып сайланды. 1995 жылы қайтадан химия факультетінің деканы қызметін атқарып, мұнда 2000 жылға дейін елеулі еңбек етті.
Михайл Қасымұлы өзінің ғылыми лауазымдық жұмысы барысында 1994 жылы аналитикалық химия және басқа да кафедралардың негізінде химия факультеті жанынан физикалық-химиялық зерттеу әдістері және талдау орталығын (ФХЗТО) ұйымдастырды. Оның басты мақсаты – ғылыми зерттеулерді жүргізу, жаңа талдау әдістерін жасау, органикалық және неорганикалық заттарды алу үшін химиялық технологияларды дайындау, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының кәсіпорындары мен ұйымдарына химик-аналитиктерді дайындау және қайта дайындау (біліктілігін көтеру) болып табылды. 1995 жылдан бастап М.Қ.Наурызбаевтың төрағалығымен ФХЗТО және химия факультеті негізінде аналитикалық химия және химиялық экология бойынша халықаралық ғылыми конференциялар ұйымдастыру дәстүрге айналды.
Қазіргі таңда академик жерлесіміз аналитикалық, коллойдтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының профессоры болумен қатар ФХЗТО директорлығын да атқарып келеді. Ол Халықаралық МНТЦ, НАТО жобаларының, сондай-ақ іргетастық және қолданбалы зерттеулер бағдарламалары бойынша бірқатар жобалардың жетекшісі. Михайл Қасымұлы 2004 жылы «Қазақстанда ғарыштық қызметті дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған» Мемлекеттік бағдарламасының экологиялық бөліміне жетекшілік етті. Содан бері ФХЗТО экология және қоршаған ортаны қорғау саласына зерттеу жүргізіп келеді. Осы зерттеулердің нәтижесінде «Байқоңыр» ғарыш айлағына қарасты аумақтың экожүйесінің жағдайына кешенді баға берілді. Орталық және Шығыс Қазақстанның «Протон» зымыран тасығышы құлаған аудандарына кең көлемде зерттеулер жүргізіп, 1,1 диаметилгидразин және ол бөлетін бірінші сыныпты зиянды қалдыққа жататын зымыран отынымен ластанудың картасы жасалды. Мұны енді туған елге жанашырлық деп түсіну керек. Туған жерге пайдасы тиіп жүрген мұндай академиктеріміз көп емес. Сондай-ақ бүкіл әлемдік банктің қаржылай қолдауымен М.Қ.Наурызбаевтың басшылығымен 2013 жылғы сәуірде минералды сорбент көміртегін өндіретін тәжірибе өндірістік жүйесі құрылды. Білікті ғалым мен оның шәкірттерінің зерттеулері нәтижесінде 500-ден астам еңбек жарық көрді. Олардың зерттеулерінің құндылығы мен жаңашылдығына орай 80 авторлық және өнертапқыштық куәлік берілді. Михайл Қасымұлы жоғары білікті мамандар даярлауға да өлшеусіз үлес қосып келеді. Оның жетекшілігімен 6 адам докторлық, 38 адам кандидаттық диссертация қорғаса, 5 ғалым философия докторы (РHD) деген құрметті атаққа ие болды.
2005 жылы М.Қ.Наурызбаев «Ғылыми-технологиялық ақпаратты аналитикалық кешенді жұмыстары, Қазақстанның дүниежүзілік рынокқа жоғары технологиялық өнімдерді шығаруды қамтамасыз еткені үшін» ғылыми-техника және білім саласында ҚР Мемлекеттік сыйлығына ие болды. Сондай-ақ ол 2011 жылы еліміздің ғылымына қосқан елеулі үлесі үшін ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымы Академиясының толық мүшесі болып сайланды.
Академик ағамыздың Тереңөзек топырағында дүниеге келген текті атаның ұрпағы екендігін сөз басында айттық. Атасы Махамбет Ұлы Отан соғысы алдында Ташкент, Шымкент өңірінде шаруашылықтар құрып, елдің өркендеуіне араласқан. Махаң өткен ғасырдың 50 жылдары елге оралып, туған жерінің гүлденуіне атсалысқан. Оның баласы Қасым да елі үшін елеулі қызмет атқарған азамат. Михайлдың әкесі Қасым Наурызбаев Мәскеуде Кеңестік сауда институтын бітірген. Кеңес Үкіметінің басшысы А.Н.Косыгинмен бір топта оқыған. Алғыр азамат институт бітіргеннен кейін Шымкент обкомының ұйымдастыру бөлімінің бастығы, Алматы обкомының әкімшілік бөлімінің бастығы, Алматы қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарып, зейнеткерлікке шықты. Ол кісі жоғары қызметте жүрсе де елден тамырын үзген жоқ. Сол кездегі Тереңөзек ауданының басшылары Қонысбек Қазантаев, Елеу Көшербаев, Көбейсін Исаевтармен сыйластық қарым-қатынас орнатты. Елдің жаңалықтарына қуанып отырды.
Академик Михайл Қасымұлы ұрпақтар сабақтастығын жалғастырып, жылда елге келіп, ауданда жасалып жатқан оң өзгерістердің, рухани жаңғырудың куәсі болып, туған жерінің көркейгеніне, азаматтардың ерен еңбегіне ризашылығын танытады.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ
Пікір 1