Жылқы өсіруді жетік меңгерген

Қазір кәсіпкерлікпен айналысамын деген адамға мүмкіндік көп. Сол мүмкіндіктерді тиімді пайдаланып, бие байлап, көпшілікті саумал, қымызбен қамтасыз еткен жеке кәсіпкер Бағжан Меңлібаева жылқы бағудың қиыншылығын жақсы біледі. Таң бозара атқан мезетте тынымсыз еңбекке араласатын іскер әйел жылқы малының жайына жіті қанық. Жеке кәсіпкер «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 2,5 млн теңге несие алып, жылқы малын бордақылауда.
– Мал шаруашылығының ішінде жылқы бағудың өзіндік сыры бар. Жылқыға қажетті барлық күтім күнделікті жасалып отырады. Қайбір жылы ұлым Зинабдин Смағұл мемлекеттік бағдарлама шеңберінде несие алған болатын. Он жыл көлемінде жылқы малын бордақылап, халыққа тиімді бағада сатылымға шығарып келеміз. Отағасы Серік Жұматаев әркез жанымыздан табылады. Қиындығы мол кәсіпті оңтайлы жүргізуге көмектеседі. Біз қашанда отбасылық бизнесті дамытуға барымызды саламыз, – дейді Бағжан Маханбеталиқызы.
Балтабай ОРДАБЕКОВ