Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаруасы ширақ шаруашылық

Шаруасы ширақ шаруашылық

Бесарық ауылының негізгі кәсібі – күріш өндірісі. Елді мекендегі «Бесарық» ЖШС 2002 жылы құрылып, өз кәсібін дөңгелетіп келеді. Биыл ауыл шаруалары күріштің «Лидер» сор­тын 596 гектар алқапқа егіп, 81 центнерден өнім алды. Озат күрішшілер қатарындағы Берік Азаматов 27 гектар алқапқа Сыр салысын егіп, орта есеппен 89,5 центнер өнім жинаған. Ал, Азамат Асқаров 25 гектар алқапты күтіп-баптап, 88,1 центнерден астыққа кенелді. Бұл дала диқандарының ала жаздайғы тынымсыз еңбегінің жемісі.

Серіктестік директоры Мақсат Биболатовтың айтуынша, 114 адам еңбек ететін шаруашылықтың шаруасы ширақ.

Сырбойылық шаруалар биыл күріштен рекордтық өнім алып, ел мерейін асыруда. Осы жолда бесарықтық дала еңбеккерлерінің толымды тірлігі көпке үлгі болып келеді. Ауыл ішіндегі қоғамдық шараларға белсене қатысып, қайырымдылық көмек жасауды азматтық парыз санайтын шаруашылық пандемия кезінде тұрмысы төмен отбасыларға және жетім-жесірлерге әлеуметтік көмек көрсетіп келеді.

Майя ҚОЖАБАЙ
27 қазан 2020 ж. 547 0