Рейд жұмысы жалғасуда
Елде жарияланған төтенше жағдай кезінде арнайы бақылаушы топ құрылған болатын. бақылаушы топ апта сайын пуданда рейд ұйымдастырып келеді. осыған сәйкес Аудан әкімдігі, жергілікті полиция бөлімі және тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы мамандары мен БАҚ өкілдері арнайы рейдке шықты. Арнайы рейд барысында кенттегі азық-түлік сауда-нысандары, қоғамдық тамақтану, ломбардтар мен базарлардың сақтық шараларына мән берілуі түсіндірілді.
Бүгінде аталған сауда орындары вирусқа қарсы сақтық шараларын сақтауда. Дүкендерге бетпердесіз кіруге рұқсат жоқ, келушілердің арақашықтығы сақталған және бірнеше сауда орнында дене қызуы тексеріліп тұр.
– Карантин режимі жеңілдетілгенмен, қауіп әлі сейілген жоқ. Вирустан қорғанудың тәсілдерін ұмытпағанымыз жөн. Тұрғындардың саулығы үшін кәсіпкерлер барлық санитарлық тазалық пен сақтық шараларын сақтауларыңыз қажет. Бетпердесіз ғимарат ішіне енуге рұқсат бермеулеріңіз тиіс. Осы секілді қалыпты режимдерді тоқтатпауымыз қажет, – деді сала мамандары.
Мобильді топ жұмысы әлі де жалғасады. Ауданда вирус жұқтырғандар толығымен емделіп шықты. Алайда, тұрғындар өз денсаулығы үшін карантин талаптарын сақтаған жөн.
Майя ҚОЖАБАЙ