Дарынды оқушы
Әрбір бала – өзіндік ерекшелігі бар жеке тұлға. Тек оны тани білу, таныта білу ұстаз, мектеп, қала берді ата-ананың қолында. Барлық балада жақсы оқысам, атаанам мен ұстаздарымның үмітін ақтап, биіктерден көрінсем деген арман ұшқыны болады. Ал мектеп осы асқақ армандарға бет алған балалардың қанатын қатайтып, білім негіздерін қалап, адамдық сапасы мен тәрбиесін қалыптастыратын негізгі орта. Сондықтан халықтың келешегі осы мектептердің қолында екеніне талас жоқ.
Шаған ауылындағы №37 мектеплицейі – осындай мақсаттарды іске асырған көшбасшы білім ошақтарының бірі. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз осы мектепте 5 жыл білім алған, жас та болса өз қатарластарының алдына озып, дарынымен дараланып жүрген Данияр Ақдәулетов.
Данияр ұстаздарымен ойлау өрісі ілгері дамыған, өте жауапты, сабақтан тыс шараларда өзін көрсете алатын көшбасшы қабілеті бар, қалалық, республикалық олимпиадаларда топ жарып жүрген үлгілі оқушы. Сонымен қатар, зияткерлік байқауларда, ғылыми жобалар жасауда да белсенділік танытып жүр. Ол маусым айында Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы атанды.
Бүгінде бүкіл әлем білім мен тәлімтәрбие қызметінде ең білгір, ең талантты, ең жауапкершіл, жан-жақты педагог мамандардың қажеттігін мойындап отыр. Сондықтан бүгінгі заманауи мектептер ұстаздар алдында оқушы бойындағы талантты анықтап, білімді, озық ойлы, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осы жайды ескерер болсақ, Данияр сияқты талпынып жүрген балақайлардың жетістігін «Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты ұстаздарының еңбегінен бөле қарауға болмас. Даниярдың алғашқы ұстазы – Ғалия Нұрмағанбетова болса, бесінші сыныпта Ләйлә Мамыраеваның шәкірті атанған.
– №37 мектеп-лицейдің жетістігі – білім ошағы басшысының ұйымдастырушылық қабілетімен, ұстаздар біліктілігінің, ұжымдық тәртіп пен айқын мақсат, тынымсыз еңбектің нәтижесі. Әрине, мұндай мектепте білім алған балалардың да талабы айқын, таланты анық. Бүгінде ғылыми жобалармен балалардың айналысуы, жаһандық тақырыптарға балалар көзқарасын кірістіру, балалардың ғылыми идеяларын қолдау мәселелері нақты тәжірибеде жүзеге асып, ғылым-білім саласында қолдауға ие болып жатыр. Даниярдың болашағына үлкен сеніммен қараймыз, үміт артамыз, – дейді қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Перизат Мекебаева.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары. Мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр» деген болатын. Ендеше, білім – сапалы, ұстаз – шебер болғанда ғана елімізде білімді де білгір, талапты да талантты ұрпақ көбейе түсері анық.
М.ҚОЖАБАЙ