Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 2 газет

11 қаңтар 2025 ж.

№1 газет

07 қаңтар 2025 ж.

№103 газет

31 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Жергілікті өзін өзі басқару ісі өзекті

Жергілікті өзін өзі басқару ісі өзекті

Кеше Парламент палаталарының біріккен отырысына Президент қатысып, халыққа Жолдауын арнады. Осы орайда мен үш мәселеге тоқталғым келіп тұр. Біріншісі, білім саласы. Әсіресе үздіксіз білім беруге ерекше мән берілді.

Президент қазіргі қалыптасқан онлайн білім беру жүйесіне қатыс­ты өзінің сыни пікірін айтты. Біз елді аралағанда бұл мәселені көтер­­генбіз. Қазір біз қалыптасқан дә­стүр­лі білім беруді жалғастыру мәсе­ле­­сін қарауымыз керек. Менің ойымша, ата-аналардың келісі­мімен балаларды дәстүрлі білім беруге көшіруге мүмкіндік бар деп есептеймін.

Екінші мәселе, жергілікті өзін-өзі басқару. Бұл бағыттағы заң біз­де бар, бірақ формалды түрде қол­данылып келген. Президент осы мә­селеге айрықша назар аударып, ауыл әкімдерін халықтың пікіріне сү­­йе­не отырып сайлау мәселесін ал­­дағы жылы енгізу қажет екенін айтты.

Жолдауда ұлттық құндылықтар мә­­се­лесі де көтерілді. Мемлекет бас­шы­сы адал, білімді, кәсіпке бейім ұр­­п­ақ тәрбиелеу ісіне араласуды бар­лық қоғамдық институттарға жүктеді.

Парламент өз тарапынан Прези­денттің тапсырмаларының заңдық тұрғыда тұжырымдалуын жан-жақ­ты қарайтын болады.



Мұрат БАҚТИЯРҰЛЫ,
Сенат депутаты,


02 қыркүйек 2020 ж. 371 0