Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзекті мәселелердің шешемін көрсетті

Өзекті мәселелердің шешемін көрсетті

Мемлекет басшысының әр жылғы  Жолдауы – тарихи құжат. Қайсысын алып қарасаңыз да стратегиялық маңыздылығы мен белгілі бір мерзімде нақты міндеттер мен мәселелердің шешілуін қамтамасыз етуге бағытталғанын көреміз. Бұл Жолдауда ең өзекті деген мәселелердің шешемі көрсетілді. Баса назар аударған қоғамдағы сыбайлас жемқорлық туралы мәселесі күн тәртібінен әлі күнге түскен жоқ.

Орталық және жергілікті орындардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу қажеттігін және оған сарапшылар мен қоғам өкілдерін тартуы тиіс екенін жеткізді. Осы арқылы біз қоғамдағы жемқорлық алауын бәсеңдете аламыз.

Жемқорлыққа жол берген мекеме басшысының жауапкершілігін қайта қарау қажет екені де айтылды. Заңсызәрекеттерге барғаны үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының да қызметкерлерін қатаң жазалау керектігін сонымен қатар ондай қызметкерлерге тергеу саласында орын жоқтығы белгілі.

Осы қағидаттар арқылы біз қатерлі дертке айналған жемқорлықтың көзін жойып, дамыған мемлекет қатарына ене аламыз.

Майя Қожабай,
журналист

02 қыркүйек 2020 ж. 344 0