Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңды қатайту тәртіпті күшейтеді

Заңды қатайту тәртіпті күшейтеді

Бүгін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа өзінің кезекті Жолдауын ұсынды. Жолдаудың ішінде азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы айтылған. Сот шешімдерінің сапасын арттыру үшін бірқатар маңызды шараларды жүзеге асыру қажет делінген. Соның ішінде жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет, – деді.

Бұл тұста Президент қоғамның байлығы адам екенін атап көрсеткендей болды. Себебі қазіргі қоғамда белең алған қылмыстардың бірі осы. Ата-ана баласын қараусыз қалдырмақ түгілі біреуге сеніп тапсыруға қорқатын заман болды. Жаңалықтардан небір жантүршігерлік жағдайларды естігенде жанымыз ауырады. Осы уақытқа дейін бірнеше мәрте көтерілген күрделі мәселелердің бірі болған бұл жағдай енді түбегейлі өз шешімін табады деп ойлаймын. Себебі заңды белшесінен басып, білгенін істеймін дегендерге заң қатал, жазасы тым ауыр болады.    

Несібелі Керейтбаева, 
"Сырдария" қоғамдық қорының төрайымы 
01 қыркүйек 2020 ж. 506 0