Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет дамуының басты бағдары

Мемлекет дамуының басты бағдары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  Қазақстан халқына арналған алғашқы жолдауы  әлеумет тарапынан қолдау тауып, қызу талқыға арқау болды.
Сот және құқық қорғау жүйесіндегі күрделі реформалар азаматтарымыздың құқықтарын қорғаудың және олардың  қауіпсіздігін күшейтудің  негізгі факторы екенін атап өткен Президент сот шешімдерінің сапасын арттыруға, бірыңғай сот тәжірибесін орнықтыруды қамтамасыз етуге, азаматтармен мемлекеттік органдар арасындағы  дауларды шешудің ерекше тетігі ретінде әкімшілік әділет құрылымын енгізуге және одан да әрі Бұл бағыттарда белгілі бір жұмыстар атқарылыпта келеді. Атап айтқанда, соңғы екі жыл отандық сот жүйесінің дамуының маңызды кезеңі болды. Елбасының ұлт жоспары аясында соттарды одан әрі жаңғыртудың маңызды құралы болып табылатын «Сот жүйесінің жеті түйіні» жобасының басым бағыттарын жүзеге асыруда біршама жұмыстар қолға алынды. Тиімді судьялар корпусын қалыптастыру, судьяларды артық жүктемеден арылту, соттардағы жұмыстың жаңа форматтарын енгізуге бағытталған заң жобалары дайындалды. Республика соттарында келушілерге қолайлы фронт- кеңселер ашыла бастады.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысының сот шешімдеріне қатысты айтқан ұсынысы да орынды. «Сот шешімдерінің сапасын көтеруге ықпал ететін шаралар қабылдаған жөн. Судья ішкі сеніммен заңды басшылыққа ала отырып, шешім шығарады. Дегенмен, сот шешімдеріне терең талдау жасап, бірыңғай сот тәжірибесінқалыптастыру маңызды» деді.
Шешімдердің сауаттылығы мен сапасын көтеру мәселесі Сырдарияаудандық  сотының  да назарынан тыс қалған емес. Сот қаулыларының рәсімдеу сапасын көтеру, мұндағы судья жауаптылығын арттыру тетіктері арнайы семинарларда  жан-жақты талқыланып  отырады.
Бұрын бірыңғай сот тәжірибесі дәстүрлі әдістермен қамтамасыз етілсе, яғни нормативтік қаулылар қабылдау, сот тәжірибесінің талдаулары мен тұжырымдамаларын жасауда жергілікті соттар Жоғарғы Соттың нақты бір істер бойынша қаулыларына сілтеме жасаса, енді бірыңғай сот тәжірибесі қазіргі заманғы ІТ құралдарымен қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы сот органдарының «Төрелік» автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесінде судьяларға шешім қабылдау кезінде нақты бір істер санаттары бойынша сот тәжірибесімен, Жоғарғы Соттың талдауларымен және тұжырымдамаларымен танысуға мүмкіндік беретін «Судьяларға көмек», «Сот тәжірибесі» және  басқа да модульдер мен сервистер бар. Осы арқылы республика  бойынша бірыңғай сот тәжірибесі қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ , Жоғарғы Соттың интернет - ресурсында кәсіби заңгерлер үшін және жалпы халықтың қолдануына арналған«Талдау»  форумы  қолжетімді.
Мемлекет басшысы Жолдауда жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға, әсіресе балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігін айта отырып,   бұл  мәселені шешуді Парламент пен Үкіметке тапсырды.
Соңғы уақытта ұйымдасқан қылмыстың тағы бір түрі ретінде пайда болған браконьерлік  проблемасына да  тоқталып, бұл жөнінде үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатайту үшін шұғыл шараларды қабылдауды жүктеді. Осылармен қатар, сыбайлас жемқорлықпен  жан жақты күресу мәселесі күн тәртібінен түспегенін, орталық және жергілікті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу ісін қайта қалпына келтіру қажеттігін, бұған сарапшылар мен қоғам өкілдері де атсалысулары тиістігін және кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиіс екендігін айтты.
Әрине, көтеріліп отырған мәселелер қазіргі таңда қоғам өмірінде үлкен маңызға ие болып отырғандықтан, Президенттің Жолдаудағы бір қатар қылмыстарға қатысты қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажеттігі туралы ұсынысын толық қолдаймыз. Өйткені жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тарату, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және басқа да қылмыстар қазіргі таңда расында кеңінен таралып баражатыр. Оларды тоқтатудың бірден- бір жолы, әрине мемлекет тарапынан қолданылатын мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тағайындау. Ал жазаның дәл осы сипаттағы қылмыстарға  қатаң болуы-заман талабы.
А.Абдулла,
Сырдария  аудандық  сотының
 төраға  міндетін  атқарушы 

        
08 желтоқсан 2019 ж. 475 0