Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№17 газет

03 наурыз 2026 ж.

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көше тұрғындары тасаттық берді

Көше тұрғындары тасаттық берді

Кенттегі Б.Момышұлы көшесінің тұрғындары қай кезде де өздерінің ұйымшылдығымен, ауызбірлігімен үлгі болып келеді. Елдегі күрделі жағдайға бей-жай қарамайтын тұрғындар бұл жолы да игі істің қасынан табылды. Тұрғындар кеселдің жолына тосқауыл болатын амал жасап, тасаттық берді. Бір малды Құдайы садақа ретінде сойып, етін таратты.

Тасаттық ата-бабамыздан келе жатқан ғұрып. Бұрынғы заманда аталарымыз көктемде немесе жазда жаңбыр жаумай құрғашылықтан зардап шеккенде, сонымен қатар табиғи апаттан қауіптенгенде Алла Тағаладан жалбарынып, жаңбыр тілеп, апаттың бетін қайтаруды сұрап, тасаттық берген. Тасаттыққа жиналған көпшілік діни рәсімдерді атқарған, Құран оқыған.

Негізінен тасаттық дегенді аға ұрпақ Алла разылығы үшін қайыр садақа беру деп түсіндіреді.

Осылайша қайырлы іске жұмылған көше тұрғындары елдегі ауыр індеттің тезірек қайтуына тағы бір амал жасады.

Бибісара ЖАНӘЛІ
25 шілде 2020 ж. 1 045 0