Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тасаттық амалы жасалды

Тасаттық амалы жасалды

Тереңөзек кентіне қарасты Оспан Мәлібаев елді мекенінің тұрғындары әлемді дүбелеңге салған пандемиямен күрес жүргізу мақсатында ауызбіршілік танытты. Бүгін елді мекен тұрғындары коронавирус инфекциясынан қаза тапқан науқастардың рухтарына Құран бағыштап, елдегі ахуалға байланысты тасаттық амалын жасады. Құрбандыққа ірі қара малын шалып, ел тыныштығы мен ел азаматтарының амандығын тіледі.

Құрбандыққа шалынған ірі қара етінің бір бөлігі ыстық тамақ үшін аудандық ауруханаға берілді. Сонымен қатар аз қамтамасыз етілген отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ет үлестірілді.
24 шілде 2020 ж. 1 065 0