104-жасқа келген ақсақалдың айтқан өсиет əңгімесі
1. Айналаңдағы тіршілікті жан-жүрегіңмен көруді үйрен, көз көргеннің бәріне қуана біл – шөпке, ағашқа, құсқа, жануарға, жерге, көкке. Оларға мейірімді көзбен, сезімтал жүрекпен қара – сонда кітапта жазылмаған білімді көресің. Сен олардан өзіңді көресің – жуасыған әрі жаңарған өзіңді.
2. Жылдың кез келген уағында бірнеше минут жерде жалаңаяқ тұруды әдет қыл. Жер өзі шақырып алмай тұрғанда тәніңе жердің лебін сездір.
3. Судың жағасында отыруға мұрсат бөл. Су шаршағаныңды басады, ойыңды тазартады.
4. Шөлдемесең де сәті түскен жердің бәрінен таза су ішуді әдет қыл. Су бәріне ем.
5. Дастарханыңда күнделікті көкөніс болатын болсын. Күннің жылуымен піскен көкөніс өте пайдалы. Бірінші орында – қызылша, жер бетінде оған жететін көкөніс жоқ. Сосын – бадана (фасоль), асқабақ, жидектер, сәбіз, қызанақ, бұрыш, саумалдық, салат, алма, жүзім, алхоры.
6. Жаман тамақ – шұжық(колбаса), қуырылған картоп, печенье, тәттілер, консервілер, маринадтар. Менің асым – дақылдар, бадана, көк шөп. Жыртқыш ет жеп алады да, тойғаннан әрең қозғалады. Ал, жылқы сұлы жеп алады да, күні бойы арба сүйрейді. Шегіртке шөп жеген соң ұшып-қонып жүреді.
7. Бір уыстан, бірақ жиі-жиі жеген жақсы. Аз тамақ ішу үшін суды көп ішем. Компот ішіп, дақыл тамақты көп жеймін. Шикі көкөністі жеймін. Бейсенбінің кешінен бастап жұманың кешіне дейін ауыз бекітемін. Тек су ішем.
8. Ораза – барып тұрған қазына. Ораза ұстағаннан артық ештеңе де мені жасартып, жеңілдетпейді. Сүйектерім жеп-жеңіл, құстікіндей болады. Жүрегім жас жігіттікіндей жалындап тұрады. Ораза ұстаған сайын бірнеше жасқа жасарамын.
9. Таңның атуы мен күннің батуы – сен үшін. Жұмыс тек таң атқанда қызады. Соған дағдылансаң, тәнің де, рухың да мықты болады. Кеш батқанда ми тезірек тынығып, ұйқыда тазарады. Монахтар мен сарбаздар осылай өмір сүреді. Сондықтан қызмет етуге күші көп.
10. Ашық аспан астында көбірек жүруге тырыс. Салқын үйде тұрып үйрен. Аяқ-қолың жылы болса болғаны. Ал, басың – салқын ауада тез тынығады. Жылы үйден тәнің тез қартаяды. Уссурия ормандарында қарт қытай бар еді. Ол ылғи мақталы шалбар киетін, бірақ үйіне от жақпайтын.
11. Әлжуаз, тоңып жатқан тәнді шөптермен күшейтеді. Бір уыс шөп: қарақаттың, құлпынайдың, таңқурайдың жидектерін, жапырақтарын, бұтақтарын уыстап алып қайнақ суға бұрқ еткізеді. Соны күні бойы іш. Қыстай пайдасын көресің.
12. Жаңғақтың қасиеті туралы ұмытпаңыз. Грек жаңғағы ми үшін аса пайдалы. Күнделікті бір шай қасық жаңғақ майын жеген жақсы.
13. Адамдарға мейірімді бол. Байқампаз бол. Бәрінен бірдеңе үйренуге болады. Тіпті бос кеуде біреуденде. Адамдардан өзіңе жау іздеме, оларды өзіңе дос қылма. Сонда еш қиянат көрмейсің.
14. Маңдайыңа жазылған нәрсе болмай қоймайды. Тек күте біл. Саған берілмейтін нәсіпті күтіп әуре болма. Жаның жай болсын.
15. Ырым-тыйымға сене берме. Біреудің басын дұғамен айналдырып алудан аулақ бол. Жаның мен жүрегіңді таза ұста.☝
16. Жаның жабырқаған кезде көп жүру керек. Далада, орманда, су бойын жағалап. Су қайғыңды тартып алады. Есіңде болсын: жаның мен тәнің үшін ең жақсысы – ораза, дұға, ауыр жұмыс.