Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Аманкелділіктерге көмек көрсетті

Аманкелділіктерге көмек көрсетті

Облыста игілікті іс жасауды дәстүрге айналдырған «Абай-Дәулет» ЖШС-нің директоры Мұрат Сәрсенбаев бұған дейін ауданға қарасты Бесарық, А.Тоқмағамбетов, С.Сейфуллин ауылдарына демеушілік жасап, ауылдық емханаларды қажетті дәрі-дәрмектермен қамтамасыз еткен болатын. Жанашыр жан осы игі істерін жалғастырып, Аманкелді ауылына да қамқорлық танытты.

Ардақты азамат Аманкелді ауылдық емханасына 700 мың теңгеге бірінші кезекте қажетті дәрі-дәрмек және медициналық құралдарды алып берді. Ауылдың медицина қызметкерлері дәрі-дәрмектерді тиісті талапқа сай қабылдап алды. Олар дәрігердің нұсқаулығы бойынша науқастарға берілетін болады.

Аманкелділіктерге жұқпалы індетпен күресте қолдау білдіріп, көмек көрсеткені үшін жанашыр азаматқа алғысымызды білдіреміз!

15 шілде 2020 ж. 851 0