Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Тапсырмаларды орындауға толық мүмкіндік бар

Тапсырмаларды орындауға толық мүмкіндік бар

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа телевизиялық үндеу жасап, пандемияға байланысты қалыптасқан жағдайдың өте күрделі екенін атап өтті. Сондай-ақ бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Әлем бойынша және Қазақстанда коронавирустың таралуы азаймай отыр. Кейбір елдерде бұл індет қайтадан ушығып, жағдай күрделеніп бара жатыр. Президент «Әлем бойынша осы вирусты жұқтырғандардың саны шамамен 12 миллионға жетті, соның салдарынан 500 мыңнан астам адам қайтыс болды. Сол себепті, бірқатар елдерде карантин тәртібі қайта күшейтіліп, әуе, көлік қатынасы қайтадан шектелді. Өкінішке қарай, біздің елдегі жағдай да оңай болып тұрған жоқ», – деп атап өтті. Мұнан бөлек мемлекеттік комиссияның шешімімен 5 шілдеден бастап елімізде екі апталық мерзімге карантин шаралары енгізілгеніне назар аударып, бұл аса қажетті шешім болғанын жеткізді.

Әрине, күрделі жағдай уақыт өте келе тұрақталады. Оның алғашқы белгілері де бар. Осы ретте барлық азаматтарды тағы да карантин ережелерін қатаң сақтауға шақырамын. Өйткені, індетпен күрестің нәтижелі болуы әр азаматтың жауапкершілігіне тікелей байланысты.

Қазір бала-шағамыз бен өз денсаулығымыз үшін жауапкершілік алатын уақыт жетті. «Індет жоқ» деген сөзге мүлдем сенуге болмайды. Оның қаншалықты қауіпті екенін сезініп жатырмыз. Президенттің «Дәрігерлеріміз бұқаралық ақпарат құралдары арқылы азаматтарға нақты, бірізді мәлімет беруі керек. Дертті емдеудің неше түрлі жолдарын көрсетіп, адамдардың денсаулығына қауіп төндіруге болмайды. Қазір мемлекеттік органдар елді мекендерді қажетті дәрі дәрмекпен толық қамтамасыз етуде. Осыған орай, тиісті қор жасақталған. Төсек орындары да, медициналық қызмет көрсету ісі де толығымен қамтамасыз етіледі» деді.

Дәріханаларды қажетті дәрі-дермектермен қамтамасыз ету мәселесі қатаң қадағалауда. Президент айтқан тапсырмаларды аудан дәрігерлері толық орындайды. Аудан әкімдігі нақты көмек, қолдау көрсетуде. Дәрі де, дәрігер де жеткілікті. Тек кеселмен күресте нәтижеге жету үшін уақыт керек. Бұл қиындықты да ойдағыдай еңсереміз сен сенемін.

Жанар ЖҰМАБАЕВА,
аудандық аурухана бас дәрігерінің орынбасары

09 шілде 2020 ж. 338 0