Аудан әкімі Руслан Рүстемов медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесімен құттықтады
сала ардагерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке - адам жанын жүрегімен сезінетін денсаулық сақтау саласының барлық қызметкерлерінің ерен еңбегі бағаланатын күн.
Сіздердің еңбектеріңіздің өлшемі - өмірмен қайта табысқан адамдардың тағдырымен байланысты. Дәрігер – адам жанының арашасы, жер бетіндегі сан алуан кәсіптің ішіндегі ең ізгі, ең қастерлі мамандықтың иесі. Ал, оның иесі болу – үлкен мәртебе.
Елбасымыз «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың негізі» деп «Қазақстан-2050» стратегиясында айрықша атап өткен болатын. Бұл ретте саламатты қоғам қалыптастырып, дені сау ұрпақ өсіруде дәрігерлердің алар орны ерекше.
Аз уақыттың ішінде әлемді шарпыған қауіпті індет талай мемлекетті әбігерге түсірді. Бұл уақытша кезеңде мемлекетіміз барлық қолдау шараларын дер кезінде қабылдады. Дәрігерлеріміз бен сала мамандары қауіпті індетпен күресте алдыңғы қатарда болып, аянбай еңбек етіп келеді.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында пандемия кезінде кәсіби біліктілігі жоғары дәрігерлердің тапшылығы анық сезілгенін жеткізіп, елдегі жаңа кезеңде ғылым кадрларын даярлау үшін лайықты жағдай жасалу қажеттігін айта келе 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетінетін қаржыны 6 есеге, ал, ғылымға 7 есеге дейін өсіруді тапсырды.
Ардақты ақ халатты абзал жандар!
Медицина қызметкерлерінің күні - денсаулық сақтау саласында қызмет жасайтындардың ғана мерекесі емес, бұл - бүкілхалықтық мейрам. Өйткені, әр адам үшін оның денсаулығы мен өмірінен артық құндылық жоқ.
«Тәні саудың – жаны сау» деген халқымызда дана сөз бар. Сондықтан бүгінгі таңда аурудың алдын алу біз үшін өте өзекті болып қала бермек. Келешек ұрпақтың жарқын болашағының кепілі болып табылатын денсаулық мәселесін жетілдіру – біздің негізгі парызымыз болып табылады.
Әрдайым адамзат баласы тағдырын сеніп тапсыратын мамандықтарыңызды абыроймен атқарып, халық сеніміне ие болып жүре беріңіздер.
Ел мүддесі жолындағы қиындығы мен қуанышы мол еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін.
Тәуелсіз еліміздің іргесі берік, мерейі үстем болсын!
Мерекелеріңіз құтты болсын!