Латын графикасы – заман талабы
Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздармен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екендігін айтты. Латын алфавитіне көшу-заман талабы. Себебі, латын графикасы қазіргі замандағы жаңа технологиялық ортаның,коммуникация, білім менғылымының ерекшелігіне арналған. Қазіргі таңда латын әліпбиі үлкен беделге ие болып, қолданыс аясы да мүмкіндігі де зор екендігін танытып отыр.
Тәуелсіз мемлекетіміз жылдан-жылға өсіп-өркендеп, отандық ғылым-білім саласы дамып келеді. Осындай тамаша кезеңде латын әліпбиіне көшсек, ешқандай қиындық туындамайды деп ойлаймын. Қуантарлығы, бүгінгі бастауыш сыныптарда оқитын оқушылар ағылшын тілін меңгеріп, шетелдерде білім алуда. Осы тұрғыдан алғанда латын әліпбиіне көшуден қорқудың еш негізі жоқ. Бұл қадамға бару болашақ үшін маңызды екеніне сенемін.
Л.Майханова,
№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
№131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі