Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Желбіре көк, байрағым!!!

Желбіре көк, байрағым!!!

Қазақстан кең байтақ,
Туған жерім Отаным.
Қарыштап дамып келесің,
Ата-заңың қолыңда,
Тура даму жолында.
Көк байрағың желбіреп
Бейбіт өмір сүруді,
Үйретіп дос бауырға.
Жүзден астам ұлтты,
Бір шаңырақ астында
Біртұтас етіп ұстаған
Президент бізде мықты адам.
Барлық ұлтта бір тілек
Барлығында бір ниет
Қазақтың көк байрағы
Тұрса екен биік шыңда биігірек желбіреп!
Тудағы көк түс көк арман,
Еркіндігі елімнің
Күннің көзі тағы бар,
Елжіреген бауырмал.
Күнсіз болмас, еш тірлік.
 Қыран құсы қазақтың
Жас елдігін көрсетер
Елім аман болса егер
Қыран болар көктегі.
Қазақтың ою-өрнегі
Бейнеленген жиектеп.
Осындай оймен жасалған,
Барлық әкелердің тілегі
Барлық аналардың тілегі
Барлық балалардың тілегі
Көк байрағы қазақтың
Тұрса екен биік шыңда желбіреп!!!

Фатима  МАРАТҚЫЗЫ 
04 маусым 2020 ж. 1 064 0