Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 25 мамырда базар жабыла ма?

25 мамырда базар жабыла ма?

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті Watsapp мессенджерлері мен әлеуметтік желілерде "25 мамырдан бастап төтенше жағдай енгізіледі" деп тарап жатқан ақпарат бойынша келесіні мәлімдейді:
Облысымызда коронавирус бойынша эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Ауру жұқтыру жағдайлары әлі де тіркелуде.
Халықтың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру мақсатында экономиканың жекелеген салалары мен нысандарының жұмысына күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен кезең-кезеңмен рұқсат берілуде.
Алайда күнделікті жүргізілетін мобильді топтың рейдтері барысында анықталғандай, бірқатар нысандарда санитарлық-дезинфекциялық талаптар сақталмайды, қауіпсіздік шараларына бей-жай қарайтын тұрғындар да жоқ емес.
Сақтық шараларына салғырттық таныту ауру өсімінің өршуіне алып келеді. Бұл өз кезегінде карантиндік режимді күшейтуге,тіпті жекелеген нысандарды қайта карантинге жабуға себеп болуы әбден мүмкін.
Карантиндік режим қайтадан күшейтіледі деп нақты айту қиын. Барлығы эпидемиологиялық ахуал динамикасына байланысты. Ал эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына және адамдардың тыныс-тіршілігіне қажетті нысандардың тұрақты жұмыс жасауына бірден-бір үлес қосатын әрбір тұрғынның өзі, яғни қойылған санитариялық ережелер қатаң сақталған жағдайда ауруды өршітуге жол берілмейді. Сондықтан тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-дезинфекциялық талаптарды орындауға шақырамыз.
22 мамыр 2020 ж. 455 0