Жаңа Заңның қабылдануы ардагерлер үшін қуанышты жаңалық

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойған болатын. Жаңа Заң қабылдануы ардагер санатына жатқызылған Ауған соғысы ардагерлері үшін қуанышты жаңалық болды. Мұнда ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсету үшін барлық жағдай қарастырылған. Алдағы уақытта Заң аясында атқарылар жұмыс ауқымды. Нағыз табандылық танытып, ерлігімен танылған ардагерлерімізге «Ардагерлер туралы» Заңның берері мол.
Кәрімжан Арғынбаев,
Ауған соғысының ардагері
Ауған соғысының ардагері