Сыбайлас жемқорлық неге өте қауіпті?
Адамдардың көбі пара беру мен сыбайластықты қандай жағдайда да өздері үшін пайдалы немесе зияны жоқ құбылыс ретінде қарастырады:
«Мұның несі жаман? Көбірек төледім, есесіне техникалық байқаудан ешбір қиындықсыз өттім, оған қоса уақытты да үнемдедім». «Дипломды сатып алдым да, ұлымды беделді жұмысқа орналастырдым. Бұдан кімге жаман болды?» деген ойлар әр адамда болуы мүмкін. Бірақ, оның салдары өте жаман. Ақыр аяғында бұл тек бәрі үшін «жаман» ғана емес, сондай-ақ әрбір адам үшін қауіпті. Өйткені заң билігі әділ болмаса, ол кез келген адамды бүлдіруі мүмкін және саруайымға түсіріп, жат етуі мүмкін.
Жете түсініп көруге тырысайық. Барлығымыз да түрлі салық төлейміз. Алайда табыстың бір бөлігін мемлекетке бере отырып, біз оның әлеуметтік қызметті жүзеге асыруын қамтамасыз ететіндігін ескереміз: тегін білім алу, денсаулық сақтау, инфрақұрылымды құру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сондықтан жемқорлық дерті барынша қауіпті құбылыс екенін ескеруіміз керек.
О.Сүлейменов,
«Мирас» жастар ұйымы»
қоғамдық бірлестігінің мүшесі
«Мирас» жастар ұйымы»
қоғамдық бірлестігінің мүшесі