Майдан арылтатын жеті өнім
Арықтау үшін ашырқау міндетті емес. Жеп те артық майдан арылуға әбден болады. Ал ол үшін нені жеу керек екенін біліңіз...
Грейпфрут
Ол калорияны «жей» отырып, зат алмасу процессін жылдамдатады. Егер тамақ алдында жарты грейпфрут жеп алсаңыз, тамаққа аса тәбетіңіз болмай, тез тоясыз. Сонымен қатар бұл жеміс қан құрамындағы глюкозаны қалыпта ұстайды. Демек, грейпфруттан жеп алсаңыз, тәттіге көп құмарта қоймайсыз. Оны жеміс салатына қосуға, сондай-ақ таңертең шырынын сығып ішуге болады.
Балдыркөк (сельдерей)
Балдыркөктің калориясы аз және ағзаға калория бергеннен гөрі оны, керісінше, көбірек жояды. Оның құрамы негізінен су болғандықтан, жазғы ыстықта құрғақшылықтан қорғаныш болады. Егер дәмі ұнамаса, оның шырынын, айталық, грейпфруттың шырынымен араластырып ішуге болады. Есте ұстаңыз, ол күшті аллерген болуы мүмкін. Сондықтан алдын ала дәрігермен ақылдасып алып қолданыңыз.
Көк шай
Қара шайдың орнына көк шай ішсеңіз, оның пайдасы мол. Ол антиоксиданттарға бай, зат алмасу процессін тездетеді, ыстықта шөлді басып қана қоймай, адамның көңіл-күйіне де тек жақсы әсер етеді. Көк шайды ыстық та, суытып та ішуге болады – ол құнарын да, дәмін де жоймайды.
Кофе
Арықтауды мақсат еткендерге де кофе ішуге болады. Тек қант, сүт пен қаймақсыз, қара кофені, әрине! Кофе жүрек жұмысын жақсартады. Осылайша бойымыздағы қан оттек қорымен байытылады. Калория тезрек жойыла бастайды. Егер ештеңе қоспай, қара кофені іше алмасаңыз, аздаған даршын (корица) қосуыңызға болады.
Омега-3
Омега-3 деген бөлек өнім болмаса да, оның (тағам құрамында) пайдасы зор екенін баршамыз жақсы білеміз. Ендеше, балықтың кез келген түрін көбірек жеуіміз керек. Егер балыққа тәбетіңіз болмаса, дәріханалардан капсулада сатылатын балық майын алып жеңіз. Ол, әрине, балық жегендей болмайды. Десе де, жоқтан жоғары.
Ши дәні
Бұны табиғи Омега-3-тің қоры деуге болады. Сонымен қатар ши дәнінің құрамында тәбетті тиятын протеин бар. Ши дәнін йогурт, айран, ботқа мен салатқа қосуға болады. Бар болғаны бір қасық ши дәні алдыңыздағы асты артық жеп қоюдың алдын алады.
Бразилиялық жаңғақ
2-3 жаңғақ бір жолда қабылданар толық асты алмастыра алады. Ол арықтауға көмектесіп, целлюлитке қарсы тұрады.
Пікір 2