Жаңа тәсілдер қолдану уақыт талабы

«Пандемияның екінші кезеңі басталып кетуі де ықтимал. Қазақстан індеттің шарықтау шегінен өткен жоқ. Ахуалдың бақылаудан шығып кету қаупі бар. Өкінішке қарай, кейбір аймақтарда, әсіресе, Алматыда вирус жұқтырған дәрігерлер және медицина қызметкерлері өте көп» деген Мемлекет басшысы шұғыл шаралар қабылдау керектігін ескертті. Қауіпсіздіктің күшейтілуі вирусты жеңуге септігін тигізеді. Кей жағдайда немқұрайлылық танытпай, талапқа сай әрекет етейік. Індеттің жаңа ошақтары пайда болмас үшін індеттке жеңіл-желпі қарамайық.
Ел арасында жалған ақпарат таратып, дүрбелең туғызудың орнына барынша сабырлық танытайық. Өтірік сөз өрге баспайтындығын әрбір азамат білу қажет. Ел азаматтарының денсаулығына нұқсаң келтірмейік. Қалыпты өмірге оралу үшін үйден шықпайық. Төзімділік танытайық.
Рахымжан қажы БӘЙМЕНОВ,
еңбек ардагері,
"Сырдария ауданының Құрметті азаматы"