Алдыңғы шептегілерге алғыс айтамыз

Мемлекет басшысы: «Дәрігерлерге, полицияға, әскери қызметшілерге, волонтерлерге алғыс айтамын. Олардың қауіпсіздігіне баса мән беру қажет" деді. Бұл сала қызметкерлері бүгінгі күннің батырлары. Өзгелердің қауіпсіздігі үшін күн-түн демей қызметте жүр. Жүз жылда болмаған қауіпті індетті жоюда аянбай еңбек етуде. Сондықтан ақ халатты абзал жандардың еңбегін бағалап, полиция мен әскери қызметшілердің қырағылығы үшін тағзым етіп, волонтерлердің жігеріне алғысымды білдіремін. Халықтың қамына жасалған адал еңбектеріңіз көп ұзамай нәтижесін беретініне сенеміз.
Марат Сәдуақас,
аудандық әуез мектебінің директоры