Тәртіпке бас иген жөн

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, аты жаман індеттің бетін қайтару үшін қазіргі жағдайда біз бірлесіп әрекет етуіміз керек. Мамандардың сақтану жолдары туралы білдірген ескертулерін қатаң сақтасақ, халқымыздың «Сақтансаң сақтаймын» деген қағидасы өз өміршеңдігін көрсетер еді…
Талай қиындықты бастан өткізіп, ауызбіршілікпен жеңген халықпыз ғой. Бірлік болса, індетпен бірлесіп күрессек, бұл қиындықты да жеңеміз.
Әбілжаппар Сырлыбаев,
Іңкәрдария ауылдық ардагерлер және Қоғамдық кеңес төрағасы