Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 49 газет

05 шілде 2025 ж.

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Елорда көшесінде жүрген қоян

Елорда көшесінде жүрген қоян

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті елорда көшелерінде жүрген ор қоянға қатысты видеоға пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде Министрліктер үйінің маңында жүрген қоян туралы видео тарады. Видео авторы карантиннің табиғатқа оң әсер етіп жатқанын, аң-құстардың адамнан қорықпайтынын айтады.

«Шын мәнінде табиғаттың жандануына карантиннің еш қатысы жоқ. Қоян, түлкі, елік сынды жабайы аңдар астанамызда баяғыдан бар», - деп жауап берді Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Оның айтуынша, Министрліктер үйінің артында, Ақорда жақта шағын орман бар. Видеодағы қоян сол орманнан келуі мүмкін.

«Нұр-Сұлтанда аң-құстың түр-түрі бар. 1997 жылы елорданың жасыл белдеуі құрыла бастады және Елбасының жыл сайын табиғатқа қырғауыл мен елік жіберуі дәстүрге айналды. Есіл өзенінде спорттық балық аулауды дамыту, өзендер жүйесін сақтау үшін жыл сайын 200 мың шабақ жібереміз. Одан бөлек, су бетіне аққу, қаз, қоқиқаздар уақытша қонақтайды. Қала іші неғұрлым орманға толса, соғұрлым экологиялық теңгерім сақталады», - деді Сәкен Ділдахмет.
19 сәуір 2020 ж. 740 0