КОРЕЯЛЫҚТАР ҚАЗАЛЫДА 1757 ТҮП АЛМА АҒАШЫН ОТЫРҒЫЗДЫ
Қызылорда облысы Қазалы ауданына Корея Республикасының азаматтары келіп, 1757 түп алма ағашын отырғызды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Корей елі өкілдерінің бастамасымен Қазалы қаласының тұрғындарына 1757 түп алма ағашы көшеті табысталды. Кореялық азаматтар қаладағы Ояз бағына барып, елмен бірге көшеттерді отырғызды.
Ояз бағындағы шараға Қазалы қаласы әкімінің орынбасары Алмат Әбілхан, Қызылорда облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының басшысы Мақсат Елемесов қатысты. Олар тұрғындарды қаланы көркейтіп, көгалдандыруға шақырды.
«Біз Сыр өңірінің жасыл желекке айналуына тілектеспіз. Өйткені, осы аймаққа, соның ішінде Қазалы жеріне заманында кәріс ұлтының өкілдері жер аударылған болатын. Оларға жергілікті халық қамқорлық көрсетті. Сондықтан, бүгінгі шара қазақ халқының қамқорлығына айтқан алғысымыз. Игі ниетпен әкелген жеміс ағаштары көктеп, ол осы елге сая болса дейміз», - дейді Корей елінің өкілі Ким Ги Хен.
Айта кетейік, екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазалы өңіріне кəрістер Қиыр Шығыстан жер аударылған болатын. Қазіргі күні де ауданда 60-тан астам кəріс ұлтының өкілі өмір сүруде.