Қиындық үнемдеуге үйретті

Ел Президенті жариялаған төтенше жағдай сәуір айының соңына дейін жалғасатын болды. Бұған себеп елімізде әлі күнге дейін коронавирус дертін жұқтырғандардың саны арта түсуінде. Сондықтан мемлекет тарапынан қабылданған карантин режимі баршамызды үйде болуға міндеттеді. Ал табыс көзінен айрылғандарға үкімет белгілі мөлшерде жәрдемақы тағайындады. Жәрдемақыны белгілі санаттағы адамдар алатынынан хабардар болғанымдықтан, уақыт оздырмай мен де өтініш білдірдім. Өтінішім қабылданып, бас-аяғы бір жетінің ішінде қолыма 42500 теңге қаржы түсті.
Аталған қаржы менің отбасым үшін үлкен көмек болды. Қажетті азық-түлікті алып, алдағы күнге қамдандық. Бұл да болса қиын кезде бізге қолдау болды. Уақытша жұмысымнан айрылсам да, кіріс көзі болған бұл қаржы демеу екен. Енді көбіне шыдап, азы қалғанда барынша сабырлық танытып, еңсемізді көтеретін күн алыс еместігіне сенеміз.
Т.Сырлыбаева,
Іңкәрдария ауылының тұрғыны