Мемлекет басшысы қажет болса, төтенше жағдай режимі ұзартылатынын айтты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы төтенше жағдай режимінің мерзімі туралы айтып берді, – деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
Оның айтуынша, қоғамдық тәртіпті қорғау күшейтіліп, бұқаралық шараларды өткізуге тыйым салынды.«Төтенше жағдай 2020 жылдың 16 наурызында таңертеңгі 8-ден басталады және 30 күнге созылады. Қажет болған жағдайда режим ұзартылуы мүмкін. Арнайы Жарлықта қажетті алдын-алу және алдын-алу шаралары қарастырылған», – деді Мемлекет басшысы.
«Көптеген қазақстандықтар алдағы мерекелерге жоспар құрды, кей адамдар концерттерге, кей адамдар спорт жарыстарына қатысқысы келді. Өкінішке қарай, барлығымыздың денсаулығымыз үшін шектеу жасауға тура келеді», – деді Президент.