Бүгін Сырдарияда 42500 теңгеге 61 адам өтініш білдірген
«Төтенше жағдай кезеңінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 26 наурыздағы №110 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 03 сәуірдегі №124 бұйрығы қабылданып, қолданысқа енгізілді.
Аталған бұйрыққа сәйкес, төтенше жағдай кезеңінде қызметінің шектелуіне байланысты кірісінен айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (бұдан әрі – әлеуметтік төлем) келесі санаттарға жүзеге асырылуда.
Атап айтқанда, жалақы сақталмайтын демалыста жүрген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыскерлері карантин енгізілген елді мекендерде қызметін жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлер, жалдамалы еңбекті қолданбайтын дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор), бірыңғай жиынтық төлем төлеушісі болып табылатын жеке тұлғалар, нысанасы жұмыстарды орындау болып табылатын азаматтық-құқықтық шарттар бойынша кіріс алатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы табыс алатын жеке тұлғалар,мемлекеттік ұйымдардан басқа, коммерциялық емес ұйымдарға жататын заңды тұлғалардың (бұдан әрі – коммерциялық емес ұйымдар) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлер кіреді.
Бүгінде Жалпы аудан бойынша 42500 теңге әлеуметтік төлемге үш тәсіл арқылы «Электрондық үкімет» веб-порталы, «Telegram БОТ» және Enbek.kz сайттары арқылы өтініштер келіп түсуде.
Бүгін «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы барлығы 61 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: 20 өтініш аудандық штабта қаралып, әлеуметтік төлемді заңдылыққа сәйкес тағайындау үшін мемлекеттік корпорацияға жолданды. Оның ішінде: 15-не әлеуметтік төлем тағайындалып, 5-і бас тартылды. Қалған 41 өтініш Қағиданың 8-тармағына сәйкес құжаттар топтамасы толық болмауына байланысты өтініштер қараусыз кері қайтарылды. «Еңбек нарығы» дерекқоры арқылы– 2444 өтініштер келіп түсіп, әлеуметтік төлемге шешім қабылдау үшін аудандық «Мемлекеттік корпорацияға» жолданған.