Төтенше жағдай кезінде 42 500 теңге кімдерге төленеді?
• Жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);
• Орта, шағын және микробизнес субъектілерінің қызметкерлері;
• Жеке кәсіпкерлер;
• Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер;
• Карантин енгізілген елдімекендердегі ірі бизнес субъектілерінің қызметкерлері;
• Азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын адамдар.
• Ақысыз еңбек демалысына жіберілген жұмысшылар.
Бұл азаматтар соңғы 12 ай ішінде әлеуметтік сақтандыру қорына кемінде 1 ай көлемінде ақша аударған болуы тиіс.
Жәрдемақы алу үшін не істеу қажет?
Төтенше жағдайға байланысты жұмыссыз қалған жұмыс берушілер әлеуметтік төлем алу үшін тек қызметкерлер тізімін, ал жеке кәсіпкер, дербес кәсіпкер, азаматтық-құқықтық келісімшарт бойынша кіріс алатын қызметкерлер жеке деректерін (жсн, жеке куәлік ) ғана көрсетіп, egov.kz веб-порталында электронды түрде өтініш білдіре алады.
Өтініш берген соң, жұмыспен қамту бөлімі жергілікті штабқа құжаттарды ұсынады. Штаб құжаттарды қарап, оның төтенше жағдай кезіне қатыстылығын нақтылайды.
Әрі қарай әлеуметтік төлем беру туралы шешім қабылдап, "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына тізімді жолдайды.
Өз кезегінде мемлекеттік корпорация әлеуметтік жәрдемақы алатын жұмысшылардың электрондық макетін жасақтап, қаржы төлеу жұмыстарын жүргізеді.
Аудандық жұмыспен қамту, АХАТ бөлімі