Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өнер әлеміндегі қос ғашық

Өнер әлеміндегі қос ғашық

Ғашықтық – ұлы сезім. Махаббаттың құдіреттілігі сонша, ол бүкіл әлемді өзіне бағындыратын ұлы күш. Адамның бүкіл санасын жаулап алатын  айрықша іс әрекеттерге итермелейтін құдірет иесі.
Жүрегімде жоқ алдамшы бөтен ой,
Алдай алсаң – сен-ақ алдап кете ғой.
Тағдырды адам мойындаған секілді,
Махаббатты мойындайды екен ғой, – деп Тұманбай Молдағалиев жырлағандай мәңгілік тағдырлары бір арнаға тоғысқан жандар қаншама. Махаббат хикаялары өнер әлемінде басталған Дастан Палмақов пен Ақбота Талғатова кенттегі жас отбасы.
Бір сахнада өнер көрсетіп, ән сала жүріп,  екеуі де арадағы сезім қалай оянғандығын білмей қалады.  Күн уақыт өтпей бір-біріне ерекше бауыр басып, әріптестік қарым-қатынас махаббатқа ұласады. Олар өткен жылы шаңырақ көтерді. Жас отбасы мүшелері мәдениет саласының қызметкерлері.
Жас келіншек Ақбота жарымен арадағы татулықты бізге  айтып берді.
 – Күнделікті бірге әнімізді шырқап жүрміз. Қол ұстасып, жұмысқа бірге барып бірге келеміз. Бір жерде жұмыс жасайсыңдар  бірге тойларда ән айтасыңдар үйде де бірге болып, бір-біріңнен жалықпайсыңдар ма? деп айтатын адамдар да бар. Жок, қайта жан-жақты демеу болып, біріміз біліп, біріміз білмеген жерде барлығын үйретуге тырысамыз. Сезіміміз одан сайын нығая түскен секілді.  Қазір біз махаббатымыздың жемісін күтіп жүрген бақытты отбасыға айналдық, – дейді жас келін.
15 сәуір 2020 ж. 1 232 0