Жан жарымен кино әлемінде табысқан отандық жұлдыздар кімдер? (фото)
Өмірлік серігін түсірілім барысында кездестіріп, шаңырақ құрған қазақстандық жұлдызды жұптар жетіп артылады. KAZ.NUR.KZ бүгінгі топтамада тағдырлары кино әлемінде тоғысқан отандық өнер иелерінің тізімін ұсынады.
Қазақ кинематографиясының жарық жұлдыздары Құман Тастанбеков пен Меруерт Өтекешева "Қыз Жібек"фильмінде танысып, шаңырақ көтерген. Өнерлі жұп аталмыш фильмнен кейін жұптарын жазған емес.Олар екі бала тәрбиелеп, бақытты ата-ана атанған. Айта кетерлігі, Құман Тастанбеков осыдан екі жыл бұрын дүние салған еді.
Көрермендерге "Перекресток" фильміндегі Мадина кейіпкері арқылы танылған Венера Нығматуллина да жары Талғат Нығматуллинмен түсірілім барысында танысқан.
"Провинциальный роман" фильмінде басты рөлдерді сомдаған өнер иелері бір-біріне ғашық болып, кейін шаңырақ көтерген.
Өнерлі жұптың отбасында дүниеге келген Линда Нығматуллина да ата-анасының жолын қуып, бүгінде өнер әлеміне бет бұрған. Ал Талғат Нығматуллин 1985 жылы қайғылы жағдайда қаза тапты.
Өз бақытын кино әлемінде тапқан келесі бір актриса - 55 жастағы Гүлнәр Досматова. Танымал актриса 2006 жылы режиссер Қуат Ахметовпен танысып, бас қосқан.Айта кетерлігі, актриса екінші жарымен фильмді түсіру барысында танысқан. Өнер иелері бүгінде Аружан есімді қыз тәрбиелеп отыр.
Отандық фильмдерге бірге түсіп, үлгілі отбасы атанып отырған тағы бір отбасы – Азат Сейтметов пен Данагүл Темірсұлтанова.
Бір театрда қызмет ететін артистер бүгінде үш бала тәрбиелеп отыр.
Ал сахна саңлақтарының Айым есімді қыздары қазіргі таңда отандық фильмдерге түсіп, ата-анасының жолып қуып келе жатыр.
Сол сияқты белгілі актриса Аружан Жазылбекова да өмірлік серігін кино әлемінен тапқан. Ол жары Ахат Ыбраевпен жарнамаға түсу барысында танысқан екен.Бір жыл өткен соң ғашықтар шаңырақ көтеріп, ұлан-асыр той жасаған.
Өнер жолында қол ұстасып, кино мен театр сахнасында бірге жүрген жұптардың арасында Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина, Еркебұлан Дайыров пен оның жары Ләйлә Тілеуова бар.
Актерлердің өздері түрлі кинотуындыларда басты рөлдерді сомдап жүрсе, олардың жарлары театр сахнасында өнер көрсетуде.
Кино әлемінде тағдырлары тоғысқан тағы бір жұп – атышулы Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота Сейітмағамбет болды.
"Гламур для дур" фильмінде танысқан артистер бүгінде екі бала тәрбиелеп отыр.