Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ерікті жастар қайырымдылық жасады

Ерікті жастар қайырымдылық жасады

Аманкелді ауылының блок бекетіндегі ішкі істер және медицина қызметкерлері мен еріктілерге ауыл әкімдігінің бастамасымен ыстық тамақ пен қажетті заттар уақытылы жеткізілуде. Бұл қиын кезеңді еңсерудегі елдің ауызбірлігін көрсетеді.
Сонымен қатар пандемияға байланысты жарияланған төтенше жағдай кезінде #Biz­Birgemiz республикалық акциясы аясында елді мекендегі аз қамтамасыз етілген 12 отбасыға еріктілердің қолдауы­мен қа­жетті азық-түлік үлестірілді. Осын­дай қиын уақытта қайырымдылық шара­сына атсалысқан 1975-1998 жыл аралы­ғында туған азаматтар екенін атап өткен жөн. Және де аталған азаматтардың қол­дауымен блок бекетке температураны өлшеуге ар­нал­ған құрал сатып алынған.
Ерікті жастар елді мекенде карантин басталғалы бері қолға алынған қайы­рымдылық шаралары одан әрі өз жалғасын табатынын айтады.

Е.БЕРКІНБАЕВ
11 сәуір 2020 ж. 757 0