Үй карантині – қиындықтан шығар жол

Бұл жайында мамандар нақты, әрі түсінікті етіп айтуын айтуда. Себебі вирусты жұқтырған адам ғана індетті тасымалдаушы болып тұрғаны дәлелденді. Сондықтан өзіңді ғана емес, жақындарыңның тағдырына немқұрайлы қарамау қажет. Аталған дертті жұқтыру оңай, ал оны емдеу қиын екені бесенеден белгілі. Аса қауіпті індет деп танылған вирустың емі әзірге табылмағанымен, нақтыланған хаттамалық нұсқаумен емделіп, дерттен айығып, отбасына оралып жатқандар бар. Десек те ағзалары әлсіз келетін және иммунитеті төмен кісілер аурумен күресуге дәрменсіз келеді. Мұны ақ халатты абзал жандар әркез айтып та жүр.
Дәл бүгінгідей жағдайда қиындықтан шығатын жол – үйде болу. Еліміздің бас қаласында және Алматы қаласында тұрғындардың тәртіпке бағынып, карантин режімін сақтағандықтан, бұл жағдай екі қалада оңалып келеді.
Ендігі кезде қонақжайлылықты қойып, ағайын-туысқа баруды доғарып, қатаң талапқа бағынудың кезі келді. Бір сәт балаларыңыздың, ата-анаңыздың жағдайын жасасаңыз болғаны. Сондай-ақ ертеңгі күнге деген сенімді жоғалтпай, тек үмітпен қарайық. Жарқын күндердің де алыс еместігі айқын. Тек шыдамдылық танытып, үйде болайық!Сайлау Мақпалбай,
Сәкен Сейфуллин ауылдық ардагерлер кеңесінің төрғасы