Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бас амандығың үшін үйіңнен шықпа

Бас амандығың үшін үйіңнен шықпа

Күн сайын өршіп бара жатқан індеттің жайы күнделікті ақпарат құралдарында жарияланып келеді. Ел болып жұмыла дертті жеңудің жолы өзіңнен басталуы тиіс. Бұл әркез ұғынықты түрде айтылып отыр.

Дегенмен әлі күнге дейін көшеде жүрген адамдардың аяғы басылар емес. Олардың арасында балалар да бар. Ойын баласы топ-топ болып сыртта ойнап жүр. Бұған жауапты ата-аналарға немқұрайлылығы үшін шара көрілетіндігі де ескертілді. Ауруды қайтсек жеңеміз деп жүргенде, ауруды өршітіп алмасақ болғаны деген қауіп те жоқ емес. Яғни "қауіп қайдан" деп отыратын кез емес. Басты талап – өзіңді және өзгені қорғау үшін үйіңнен шықпа деген талапқа бағыну.


Елбасы Н.Назарбаев өзінің сөзінде: "Бүгінгі күрес даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлының: «Тәр¬тіпсіз – ел болмайды, тәртіпке бас иген ел құл болмайды» деген қанатты сөзін еске салады және соны бекем ұстануды талап етеді. Өздеріңіз білесіздер, бұл пандемияны көршіміз Қытай елі ұйымшылдығы мен темірдей берік тәртібінің арқасында ауыздықтай алды", деп елді тәртіпке шақырды.


Елдің бірлігі сыналар шақта, уыздай ұйыған ұлтымыздың амандығы үшін қарапайым ғана ережені сақтауға шақырамын. Әсіресе, үйдің берекесін келтіретін әйел аналардың жауапкершілігі аса қажет. Олар отбасының амандығы үшін үй тірлігінің екі есе көбейгенін сезініп жүр. Сондықтан "сабыр түбі – сары алтын" дегендей барынша сабырлық танытып, аты жаман дертті бірлесіп жеңуге шақырамын.

Злиха СЫЗДЫҚОВА,
еңбек ардагері,
Сырдария ауданының Құрметті азаматы
08 сәуір 2020 ж. 550 0