Елбасы мақаласы халыққа демеу болды

"Қазақстан қауіпті дерттің алдын алуға әлем елдерінің ең алғашқыларының бірі болып кірісті. Тиісті сақтандыру шаралары жасалды. Мемлекеттік органдар арнаулы дайындықтан өткізілді. Өзге елдерде вирус қалай пайда болып, пандемия қалай өрбіп, өршігені бақыланды. Соның нәтижесінде індеттің етек алып кетуіне мүмкіндігінше жол берілмей, ахуал күн сайын тұрақты назарда ұсталып отыр", деді Елбасы мақаласында.
Мемлекет тарапынан атқарылып жатқан шараларға барша ел-жұрт болып қолдау көрсетуге шақырған Елбасы қажетті қаржы тиісінше жұмсалатынын тілге тиек етіп, ертеңге деген сенімді нығайта түсті. Ең бастысы мемлекет адамның денсаулығы үшін, оның өмірін сақтауға барлық мүмкіндік жасалатынын ашып айтты.
Десек те елде жарияланған төтенше жағдайға қарамастан күн сайын өршіп бара жатқан індеттің себебі – адамдардың карантин режімін сақтамағандықтан екендігі белгілі. Сондықтан ортақ талапқа бағынып, жұқпалы дертті ауыздықтауға күш салу азаматтық парызымыз деп білейік.
Бір сөзбен айтқанда, Ұлт көшбасшысы бұл қиындықты да ел болып еңсеретінімізді айтып, халыққа демеу болды.
Манат Жарылқасынова,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Қызылорда облысы бойынша филиалы Сырдария аудандық бөлімнің жетекші маманы