«Үйден шықпа» деген соң шықпау керек

Төтенше жағдай бұлай күрделене түседі деп ешкім ойлаған жоқ. Бірақ, Президент пәрменімен сақтық шаралары әлдақашан-ақ күшейтілді. Нақты тапсырмалар беріліп, міндеттер айқындалды. Ел басшылығы мұны дер кезінде қолға алмағанда мүмкін науқастар саны бұдан да көбейіп кетер еді.
Газеттерді тұрақты оқып отырмын. Індет туралы жақсы мақалалар берілуде. Қоғам белсенділерінің үнқосуы да ерекше әсер етті. Аудандық газет айқара бет арнап, сұхбат беріпті. Ауданның бас имамы тәртіпке бағынбау күнә екенін айтып, елді сабырлыққа, төзімділікке және төтенше жағдай талаптарын тереңнен түсінуге шақырыпты. Бұдан асқан насихат бар ма?! Ендеше, сақтанайық. Үйде болайық. Шықпа десе шықпайық. Отпен ойнамайық.
Мұхтар Сақтапов,
Еңбек ардагері,
«Сырдария ауданының құрметті азаматы».