Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Виртуалды сот» халық үшін қолжетімді

«Виртуалды сот» халық үшін қолжетімді

Елімізде төтенше жағдай енгізілуіне байланысты, COVID-19 коронавирустық ин­фек­циясының таралу қаупінің алдын алу мақсатында Сырдария аудандық соты шектелген жұмыс тәртібіне көшті.
Азаматтарды жеке қабылдау, «Ашық есік күні» және іс материалдарымен танысу уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар келушілердің сотқа келуіне шектеу қойылды. Кейінге қалдыруға процестік мүмкіндігі жоқ істер бойынша сот процестеріне ақпараттық технология­­лар қолданылып, «TrueConf» мобильді қосымшасы, бейнеконференцбайланыс көме­гімен,  азаматтардың қашықтықтан қатысуы қамтамасыз етілуде.
«Сот кабинеті» қызметі де жұмыс істеуде. Сот жүйесінің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Сырдария аудан­дық соты азаматтарға әлеуметтік желілер арқылы байланысуға мүмкіндік жасап отыр.  
1. email:110210@sud.kz электрондық поштасына;
2. Сырдария аудандық сотының «Faсe­book» желісіндегі парақшасына сұрақта­ры­ңызды жолдауларыңызға болады.
 Қазіргі таңда азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауды барынша қамтамасыз ететін кезең туындады. Себебі ең қымбат қазына – адамның өмірі мен денсаулығы. Сіздерден орын алып отырған жағдайға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дегендей,ынтымағымызды сақтап, тұтас ел болып күш-жігерімізді біріктіріп, індетті жеңуге жұмылайық!

Меңдігүл Асан,
аудандық соттың
жетекші маман,
баспасөз хатшысы
07 сәуір 2020 ж. 373 0