Үйден шықпа! Елді сақта!

Біз де ардагерлер қауымы өзіміздің ортамызда мейілінше түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес 65 жастан асқандардың үйден шықпағаны дұрыс екенін айтылуда. Бұл жөнінде аудан қарттарының басым бөлігіне ескертілді.
Ең алдымен барлық тұрғындарды сабырлы болып, медицина қызметкерлерінің ұсынып отырған эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтауға шақырамын. Вирусқа қарсы гигиена талаптарын барынша орындауға тиіспіз. Аса қажеттіліксіз үйіңізден шықпауларыңыз сұралады. Біз ауруды бірлесіп қана жеңе аламыз. Аурымен күрестің ең тиімді жолы – оқшаулану. Сондықтан көпшілікке «Үйден шықпа! Елді сақта!» дегім келеді.
Хайролла Әбенұлы,
аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы