Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Өтпелі кезеңде баршамыз қауіпсіздік шараларын сақтайық!

Өтпелі кезеңде баршамыз қауіпсіздік шараларын сақтайық!

Әлем бойынша жылдам таралып жатқан – коронавирустан сақтанудың және оның алдын алудың бір ғана жолы бар.
Ол – қоғамнан оқшауланып, төтенше жағдай кезінде белгіленген тәртіпке бағынып, оқшауланудың қатаң әдісіне бой ұсынып, үйіңізден, өз аулаңыздан шықпау.
Адамзат тарихында бірнеше мемлекет бір кезеңде төтенше жағдай жариялаған емес. Осыдан-ақ COVID–19 коронавирусының аса қауіпті дерт екенін түсінуіміз қажет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы: індетке шалдыққан
1 адам кемінде 2-3 адамға жұқтыратынын, ал ол өз кезеңінде
5-6 күннің ішінде ауырған 1 адам 3000 адамның дертті болуына себепші болатынын мәлімдеуде.
Шетелдік тәжірибе көрсеткендей бұл індетті жасы ұлғайған, созылмалы дерті бар азаматтар көтере алмай жатыр. Сондықтан жасы үлкен азаматтарымыздың қоғамдық орындарға шықпау керектігін ескертеміз. Жеке бас гигиенасын сақтауды әдеттегіден де күшейтіп, үй бөлмелерінің ауасын тазартып, қолыңызды үнемі сабындап жуу, көпшілік жиналатын орындарда бетпердемен жүру қажет. Егер өзіңізді жәйсіз сезінсеңіз, дене қызуы, жөтел, түшкіру т.б симптомдар байқалса шұғыл түрде жергілікті жердегі медициналық көмекке уақытылы жүгінуіңіз керек.
Сонымен қатар, шағын той-томалақ жасап, ас беру беру рәсімдерін тоқтатып, үлкен қалалардан келген аудан жастары кешкілік топтасып серуендеп, жиналып отыруды күнделікті әдетке айналдырмауы керек. Бастан өткеріп отырған қиын кезеңде өздеріңіз үшін төзімділік танытуларыңызды сұраймыз. Бұдан басқа жолы жоқ. Бұның барлығы сіздердің қауіпсіздіктеріңіз үшін қабылданған шешім.
Біз қиындықтарды бірге еңсереміз!


Алимаш МЫРЗАХМЕТОВА,
Сырдария аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы
28 наурыз 2020 ж. 256 0