Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Құрмет» төсбелгісімен марапатталды

«Құрмет» төсбелгісімен марапатталды

Бүгін Сырдария ауданының әкімі Руслан Рүстемов «Сыр медиа» серіктестігіне қарасты Сырдария аудандық «Тіршілік тынысы» газетінің Бас редакторы Ақтөре Ибрагимұлына «Қазақстан педагогтарының білімін дамыту және қолдау орталығының» «Құрмет» төсбелгісін табыс етті. Аталған марапат білім саласының жаңалықтарына ақпараттық қолдау көрсеткені және нәтижелі жұмысы үшін берілді.
Аудан әкімі «Құрмет» төсбелгісі білім саласының дамуына тұрақты түрде қолдау көрсеткен азаматтарға берілетінін айтып, Ақтөре Ибрагимұлына «Құрмет» төсбелгісін, куәлігін және «Құрмет Грамотасын» табыстады. Сондай-ақ әріптестік байланысты орнықты жолға қойғаны және нәтижелі жұмысы үшін өз алғысын білдіріп, шығармашылық сәттілік тіледі.
Атап өту керек, аудандық басылым білім саласында Елбасының және Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған реформаларды, аудан ұстаздарының жетістіктерін ақпараттандырып келеді. Аптасына екі рет жарыққа шығатын «Тіршілік тынысы» газетінде арнайы «Білім», «Жетістік», «Мерей», «Ұстаздық еткен жалықпас», «Үлгілі оқушы» айдарлары жұмыс жасайды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ 
13 наурыз 2020 ж. 1 931 0