Дін мәселесіне арналды

"Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуда әлеуметтік желілер мен БАҚ-тағы ақпараттың маңыздылығы" тақырыбындағы семинардың мақсаты – өңірдегі дін тақырыбында жазып жүрген журналистер мен блогерлердің, теологтардың шеберлігін шыңдау болды.
Семинар-тренингке Нұр-Мүбарак Египет илам мәдениеті университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры, философия ғылымдарының кандидаты Жалғас Сандыбаев қатысып, "Қазіргі кезеңдегі дін: мәселелері және шешімдері" тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ "Kazislam" ақпараттық-ағартушылық интернет порталының бас редакторы, философия ғылымдарының магистранты Саясат Қабдрахманов "Дін мәселелері тақырыбында БАҚ-та ақпарат жариялау этикасы" тақырыбында баяндады.
Семинар-тренинг соңында қатысушылар пікір алмасты.
"ТТ" ақпарат