Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыста үздік атанды

Облыста үздік атанды

Айшылық алыс жерлерден жылдам хабар алғызған телекоммуникация қызметі қа­зіргі цифрландыру бағдарламасына сай жұмыс жүр­гізілуде. Қызылорда облыстық теле­коммуникацияның Сырдария желілік техни­калық учаскесінің ұжымы 2019 жылдың қоры­тындысы бойынша облыстың 7 ауданының арасынан бірінші орынға шықты.
Мұнда 16 көрсеткіш бойынша атқарылған жұмыстар сарапқа салынды. Оның ішінде сапалы қызмет, қаржы табу, басқа да қызмет түрлері бар. Жылдық жоспар 141 млн теңгенің орнына 145 млн теңгеге орындалған.
Оңтүстік өңірлік телекоммуникация құрамына 3 облыс Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда кіреді. Орталығы – Шымкент қаласы. Жақында осы шаһарда Оңтүстік өңірлік телекоммуникация қызметкерлерінің жыл қорытындысына арналған жиыны болды. Оған біздің облыстан 15 өкіл қатысты. Жиынға ауданнан Сырдария желілік техникалық учаскесінің басшысы Е.Аймаханов пен сату бөлімінің жетекші маманы А.Дәулетбаева барды. Алқалы жиында өңір бойынша 7 адам, біздің облыстан Ерғали Әбдірахметұлы «Мінсіз қызметі үшін» медалімен марапатталды.
Жылды жақсы жетістіктермен қорытындылап, облыста үздік шыққан ұжым қандай мақтауға да лайық.

Шаһарбек НҰРСЕЙІТОВ

29 ақпан 2020 ж. 436 0