Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ізеттілік пен мейірім мерекесі

Ізеттілік пен мейірім мерекесі

Бүгін №130 Абай атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Жағыпаров және «Өзін-өзі тану» пәнінің мұғалімі Г.Тұрғанбаеваның ұйымдастыруымен "1 наурыз – Алғыс айту күніне" және Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті.

Жиынның мақсаты – оқушылардың сыйластық туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы түсінік беру, үлкен – кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым-қатынасын дамыту. Әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу болды.

Салтанатты жиын басталмас бұрын оқушылар әсем әуенмен, құттықтау сөзбен, жылы жүздерімен ұстаздарды, оқушыларды қарсы алды.

Сонан соң мектеп директоры мұғалімдер мен оқушыларды ең мейірімді мереке күнімен құттықтап, өз ризашылығын білдіріп,рахметін айтты.

Іс-шара барысында Алғыс айту күні және Ассамблеяның тарихы туралы деректер айтылып, ұстаздар тарапынан оларды бір-бірлеріне, ата-аналарына, ұстаздарына, достарына үнемі алғыс айтуға, қамқор, дос болуға шақырды. Күні бойы жалғасқан мерекеде оқушылар белсенділік танытып, алғыстарын жаудырды.
Б.ЖАНӘЛІ
25 ақпан 2020 ж. 1 012 0