Қазақ әндері ұлт тарихынан сыр шертеді
Елбасының бастамасымен дәстүрлі түрде өткізіліп жатқан Алғыс айту күні әрбірімізге ерекше көңіл-күй сыйлайтыны анық. Қашанда біз алғыс айту арқылы жанымызда жүрген жандарға ерекше қуат сыйлаймыз. Алғыс айту күні – күрделі заманда «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарған» барша қазақстандықтардың мерекесі.
Алты Алаштың жер төсінде мекен ететін жүз отыздан астам ұлт өкілдерінің ата-бабасы қазақ халқымен бірге жасасып, күні бүгінге дейін ұлт бірлігін сақтауда өзара ынтамақтастық орнатқан. Бейбітшілік орнаған заманымызға шүкіршілік етіп, бір-бірімізге алғыс айту баршаның борышы.
Қазақы қаймағы бұзылмаған өңірімізде өзге ұлт өкілдері қазақ тілінде еркін сөйлеп, кез келген басқосуларда өз үндеулерін жеткізіп отырады. Басына іс түскен өзге ұлт өкілін бауырына басқан қазақ жұртының қамқорлығын менің аталарым да көрген. Аудан өмірімен біте қайнасып, өнер жолында өз бағымды сынап келемін. Қазақ әндері ұлт тарихынан сыр шертеді. Талай мәрте байқауларда жеңімпаз атанып, зор жетістікке жете білдім.
Константин ЛУЦА