Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Цукерберг Месси мен Роналдуға таласып жатыр

Цукерберг Месси мен Роналдуға таласып жатыр


Маусымның басында «Барселона» — «Бетис», «Депортиво» — «Реал» кездесулерін көрсету құқығын «Телеспорт» пен «Вконтакте» желісі сатып алған. Алайда Месси мен Роналдуды тікелей эфирде көрсетуге тек ұлттық арналар емес, Amazon мен Facebook желісі де таласып отыр. Бұрын Испанияда телевизия құқығына байланысты мүлдем басқа жүйе болатын. Ол кезде лига тек «Реал» мен «Барселона» командаларының матчын сатқан. Ал қалған клубтар мәселелерін өздері шешуге мәжбүр болған. Ла лиганың 2018-2019 жылдардағы маусымын MediaPro мен Movistar корпорациялары көрсетпек. Маусымнан түсетін жалпы сома – 983 млн еуро. Еуропадағы үздік лигаларды телевидениеден көрсету құқығы төмендегідей бағаларға сатылып жатыр:
Англия — 2 359 000 000;
Испания — 983 000 000;
Италия — 945 000 000;
Германия — 628 000 000;
Франция — 727 000 000.
22 қараша 2017 ж. 1 445 0