Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

№55 газет

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Туған жер, сен дегенде аярым жоқ

Туған жер, сен дегенде аярым жоқ

Жүрекке жыр, кеудеме толтырып əн,
 О, Туған жер өзің деп толқыды жан.
 Бар керегін жанымның сенен таптым,
Шабыттанып Ұлы өзен толқынынан.

Шарлағанмен шарықтап тəмəм елді,
Шақырды елдің аймалап самал желі.
О, менің əлдилеген ақ бесігім,
 Сенсің ғой бақытымның жанар жері.
 
Арналып күш-жігерім, ақыл-санам,
Сен үшін жақұт жырдың шамын жағам.
Туған жер, сен дегенде аярым жоқ,
Қажет пе құрбан болсын жаным саған.

Жырлаймын, жараттың ғой жыршы қылып,
Сен маған күнсің көркем, жырсың ұлық.
Сырдариям, қасиетіңнен айналайын,
Сырымды айтқызбай-ақ тұрсың ұғып.
26 қаңтар 2020 ж. 566 0